Қазақстан Республикасының Президенті
жарлығы
Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қатарынан запасқа шығарылсын.