Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1217 Қаулысы
(2009.23.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1217 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Астана
Мазмұны
4. Министрліктің функциялық мүмкіндіктері мен ықтимал қатерлер
5. Нормативтік құқықтық актілер
Миссиясы: Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторының бәсекеге қабілеттігін және оның әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне ықпалдасуын қамтамасыз ету, отандық тұтынушыны сапасыз өнімнен қорғау және адамның өмір тіршілігінің толыққанды ортасын қалыптастыру, тұрғылықты жерлер мен аумақтарды орнықты дамыту.
Пайымдауы: қазақстандық шикізаттық емес өнімінің отандық және шетелдік тұтынушыларына қажетті көлемді елеулі түрде ұлғайтумен сипатталатын экономиканы тиімді әртараптандыру, құрылыс сапасының жоғары деңгейі.
1. Индустриялық-инновациялық даму