Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 198 Қаулысы
(2010.21.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2010.22.04. № 336 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.21.12. № 1393 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне Алматы облысының әкімдігіне аудару үшін 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 454785000 (төрт жүз елу төрт миллион жеті жүз сексен бес мың) теңге сомасында, оның ішінде: