Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруға
және жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 100-Ө Бұйрығы
Осы редакция 2009 жылғы 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 27) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттардың мынадай нысандары бекітілсін:
1) Тексеруді тағайындау жөнінде акт (№ 1 қосымша);
2) Әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттама (№ 2 қосымша);
3) Әкімшілік жазалау жөнінде қаулы (№ 3 қосымша);
4) Іс жөнінде өндірістің тоқтатылуы жөнінде қаулы (№ 4 қосымша);
5) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын қадағалау жөнінде акт-нұсқама (№ 5 қосымша)
2. «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөнінде құжаттар нысанын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4433 тіркелген, 2006 ж. 13 желтоқсандағы № 215 «Юридическая газета» газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 306-п бұйрығы өз күшін жойды деп танылсын.
3. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Н. Ысқақов |
ҚР Қоршаған ортаны