Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2242 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 229 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Орта мерзімді кезеңге (2010 - 2012 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2242 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген орта мерзімді кезеңге (2010 - 2012 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесінде:
«Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын қолда бар мемлекеттік меншік объектілері» деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағанында «Астана - Қарағанды» деген сөздерден кейін «1142 - 1216 км» деген сездермен толықтырылсын;