Осы ережеге өзгерістер енгізу туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007.11.07. № 153-ө Бұйрығын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы редакция 2010 жылғы 1 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрі міндетін атқарушысының
2005 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 306-ө бұйрығымен бекітілген
Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде
әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі (бұдан әрі - Үлгілік Ереже) психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелер қызметінің тәртібін, мүгедектерді қабылдау, ұстау және МӘМ-нен (бұдан әрі - МӘМ) шығару жағдайларын белгілейді.
айқын білінетін есуастық, имбецильдік және идиотия дәрежесіндегі ақыл-ес кемістігі;
жіті психотиялық симптоматика болмағанымен, жарыместігі немесе психикалық кемістігінің өрескел көрінуімен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлері;
психотиялық симптоматикасы күшеюден тыс, жеке адам дефектісі айқын білінетін шизофрения;
жарыместік белгілері мен сирек тырыспа және эквиваленттері (айына 5 реттен артық емес) бар эпилепсияның түрлі нысандары;
жарыместік белгілер бар бас-ми жарақаттары;
жарыместік белгілері бар бас, мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары (энцефалиттер, туберкулезді менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми сифилисі және т.б.);
анық білінетін жарыместік белгілері бар тұрақты алкоголизм;
айқын білінетін психомоторлық мазасыздығы жоқ және есінің өзгеру жай-күйінің ұзақ немесе қайталанатын жарыместік белгілері бар қан-тамыр және сенильдік аурулар салдарынан денсаулық жағдайы бойынша бөгде адамның күтіміне және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж бірінші, екінші топтағы он сегіз жастан асқан мүгедектердің (бұдан әрі - қамқорлықтағы адамдар) уақытша немесе тұрақты тұруына арналған.