(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АҚМОЛА ОБЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2009.10.12 № 4C-19-2 ...

2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақмола обыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 4C-19-2 шешімі

 

Осы редакция 2010 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабының 2 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес және облыс әкімдігінің 2009 жылғы 14 қазандағы № А-11/431 қаулысына байланысты Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2010 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 90 588 659 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 7 616 866 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 42 450 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 82 929 343 мың теңге;

2) шығындар - 90 525 466 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - 744 858 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредитттер - 1 243 888 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 499 030 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - - 2 777 мың теңге, оның ішінде:

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2 777 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - -678 888 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 678 888 мың теңге.

2. Облыстық бюджетке, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының бюджеттеріне кірістерді бөлудің нормативтері келесі мөлшерде белгіленсін:

1) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша - 100%;

2) облыстық бюджетке төлем көзінен салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша - 100%;

3) аудандардың және Көкшетау мен Степногорск қалаларының бюджеттеріне әлеуметтік салық бойынша - 100%.

3. Келесі көздердің есебінен облыстық бюджеттің кірістері бекітілсін:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.