«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 190 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1151 Қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 10 наурыздағы

№ 190 қаулысымен

бекітілген

 

 

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге
 арналған келісім-шарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды
тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету
стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) құзыретті орган (Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі) мен жеке немесе заңды тұлғалар арасында жасалған кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды тіркеуге қойылатын талаптарды белгілейді (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 8 және 44-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінің 3-бөлімінің 56-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Осы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі мемлекеттік орган «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - тіркеуші орган) болып табылады.

Мемлекеттік қызмет мына мекенжай бойынша көрсетіледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, 502-кабинет; www.memr.gov.kz.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны (нәтижесі) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісім-шартты тіркеу актісі болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.