«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 67 Бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 184 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес келтіру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3228 болып тіркелген), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулығында:
110-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«110. ТМ-нің комиссиясы келесі мәселелер бойынша тиісінше шешімдер шығарады және енгізеді:»;
110-тармағының 2) тармақшасында:
«қолдануды» деген сөз «қолдану туралы қолдаухат» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ТМ-нің комиссиясына ұсынуға» деген сөздер «ТМ-нің комиссиясында қаралуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
114-тармағының 1) тармақшасында:
«ұсыным» деген сөз «қолдаухат» деген сөзбен ауыстырылсын;