«Жек дуадақ жұмыртқасын жинау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 наурыздағы
№ 230 қаулысын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің
2010 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығы
«Жек дуадақ жұмыртқасын жинау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 230 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Жануарлар дүниесі басқармасы (Дүйсекеев Б.З.) көрсетілген қаулының 1-тармағына сәйкес аумақтарда жек дуадақ жұмыртқасын жинауға белгіленген тәртіппен рұқсаттар берілуін қамтамасыз етсін.
2. Қоса беріліп отырған Жек дуадақ жұмыртқасын жинау актісінің
(1-қосымша), Жек дуадақ жұмыртқасын жинауды тіркеу журналының
(2-қосымша) және Жек дуадақ жұмыртқасын қабылдау-беру актісінің
(3-қосымша) нысандары бекітілсін.