Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Монғолия Азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум (Астана қ,. 2008 жылғы 25 сәүірде)

Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Монғолия Азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы
меморандум
(Астана қ,. 2008 жылғы 25 сәүірде)

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Монғолия Азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігі,

Қазақстан Республикасы мен Монғолияны біріктіретін тығыз байланыстар мен достық қарым-қатынастарды назарға ала отырып,

өзара тиімді негізде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы өзара ынтаны ескере отырып,

экономиканы дамытуда және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығының жетекшілік рөлін түсіне отырып,

елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін тәжірибе алмасудың және барлық деңгейдегі ынтымақтастықтың қажеттілігін тани отырып,

мыналар жөнінде келісті:

 

1-бап

 

Тараптар арасындағы ынтымақтастық мынадай салаларда жүзеге асырылады:

- мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы;

- ауыл шаруашылығы өнімінің саудасы;

- өсімдіктерді қорғау және карантин;

- ветеринария;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;

- аграрлық ғылым.

 

2-бап

 

Осы Меморандумның ережелерін іске асыру мыналар арқылы жүзеге асырылады:

өзара мүддені білдіретін ақпаратпен, материалдармен, өнімдердің үлгілерімен және ауыл шаруашылығы зерттеулердің нәтижелермен алмасу, сонымен қатар өсімдік және мал шаруашылығына заманауи технологияларын енгізу;

Тараптар Мемлекеттері ауыл шаруашылық саласында қабылданған нормативтік құқықтық актілермен және стандарттармен алмасу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.