Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы мемлекеттік сектор аудитінің әлеуетін нығайту жобасын қаржыландыру үшін грант бөлу туралы келісімхаттың жобасы (2010 жыл 11 наурыз)

Қазақстан Республикасының Президентінің

 2010 жылғы 11 наурыздағы

№ 935 Жарлығымен мақұлданған

 

Жоба

 

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы мемлекеттік сектор аудитінің әлеуетін нығайту жобасын қаржыландыру үшін грант бөлу туралы келісімхаттама

 

Дүниежүзілік Банктің Институционалдық даму жөніндегі қорының

ИДҚ № ТF094540 гранты

ҚОСЫМША

 

I бап

Стандарттық шарттар; Айқындамалар

 

1. Стандарттық шарттар. Әр түрлі қорлардан Дүниежүзілік Банк төлейтін гранттар үшін 2008 жылғы 1 шілдедегі редакциясындағы стандарттық шарттар (Стандарттық шарттар) осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайды.

2. Айқындамалар. Егер контексте басқаша белгіленбесе, осы Келісімде пайдаланылатын бас әріппен белгіленген терминдердің Стандарттық шарттарда немесе осы Келісімде соларға бекітілген сәйкес мағыналары болады.

 

ІІ бап

Жобаны іске асыру

 

2.01. Жобаның мақсаттары мен сипаттамасы. Жобаның мақсаты Есеп комитетінің құқықтық және институционалдық базасын нығайтуға, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында көзделген және Халықаралық қаржылық бақылаудың жоғары органдары ұйымының (ИНТОСАИ) Халықаралық стандарттарына сәйкес белгіленген функцияларды атқаруда оның әлеуетін күшейтуге қолдау көрсету болып табылады. Жоба мынадай құрауыштардан тұрады:

А бөлігі: Құқықтық және институционалдық база:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.