2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 24-2 шешімі
Осы редакция 2010 жылғы 01 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 2 521 624 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 427 722 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3 109 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 250 мың теңге;
трансферттерден түсетін түсімдер - 2 090 543 мың теңге;
2) шығындар - 2 521 624 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру -23 145 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер - 23 145 мың теңге;
бюджеттік несилерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен болатын операциялар бойынша сальдо - 0, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -23 145 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 23 145 мың теңге.
2. 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеттің түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 16-1 «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қарастырылды.