Автомобиль көлігі арқылы өтетін есірткі транзитінің арналарын жабу бойынша
«Есірткі-Шеп» тосқауыл жүйесінің бекеттерін жою туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 наурыздағы № 123 бұйрығы
«Ұйымдастырушылық-штаттық мәселелер туралы» Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 3 ақпандағы № 47 бұйрығын және Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі А.А. Әубәкіровтің жанындағы 2010 жылғы 17 ақпандағы жедел кеңес хаттамасының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Есірткінің автомобиль көлігі арқылы транзиті арналарын жабу бойынша «Есірткі-Шеп» тосқауыл жүйесінің бекеттерін құру туралы» Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 314 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.