2) судьялар, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттігін тоқтатқан адамдар;
3) прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде бес жыл жұмыс істеген адамдар;
4) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл жұмыс істеген адамдар.
2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатылған не осы Заңның 144-бабына сəйкес жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылған адамдар, сондай-ақ мемлекеттік немесе əскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан немесе арнаулы мемлекеттік органдардан, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен теріс себептермен шығарылған адамдар жеке сот орындаушысы лицензиясын осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша алады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 143-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
143-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру уәкілетті органның шешімімен оның аумақтық органдарының, Республикалық палатаның немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының ұсынуы негізінде жүзеге асырылады.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы мынадай жағдайда:
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанда;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) егер тоқтата тұру жөніндегі шараларды қабылдамау құқықтардың одан әрі бұзылуына алып келуі не атқарушылық іс жүргізу тараптарына немесе өзге де тұлғаларға нұқсан келтіруі мүмкін болса, жеке сот орындаушысы атқарушылық әрекеттер жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанда;
3) атқарушылық құжатты қабылдаудан негізсіз бас тартқанда;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) осы Заңның 52-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке сот орындаушысы өзінің атқарушылық округінің аумағынан тыс жерлерде атқарушылық іс-әрекеттер жасағанда;
5) осы Заңның 148-бабы 1-тармағының 9-1) тармақшасында белгіленген мерзімде оқудан (біліктілігін арттырудан) өтпегенде не одан өтуден бас тартқанда;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) жеке сот орындаушысы осы Заңның 148-бабы 1-тармағының 4), 5-1) және 5-2) тармақшаларының және 2-тармағының талаптарын бірнеше рет бұзғанда;
7) 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
8) жеке сот орындаушысы аумақтық органның заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынуын қарамай қалдырғанда не онда көрсетiлген бұзушылықтарды жоюға қатысты шаралар қабылдамағанда, сол сияқты ұсынуға берілетін жауапты уақтылы ұсынбағанда алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімінде жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдері көрсетілуге тиіс. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезде, уәкілетті орган жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын жаңарту туралы шешім шығарады.
4. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімі қабылданған кезден бастап жеке сот орындаушысы ретіндегі қызметке және атқарушылық іс-әрекеттер жасауға тыйым салуға әкеп соғады.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Жеке сот орындаушысының өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты немесе мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, өз қызметін түрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаты болып сайланған жағдайда оның өтініші бойынша тоқтатыла тұрады. Депутаттың өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін осы адам жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін атқаруды қайта жалғастыра алады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, оның орындауындағы атқарушылық іс жүргізулер басқа жеке сот орындаушысына беру үшін жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі, бұл туралы атқарушылық іс жүргізу тараптары хабарландырылады.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе жаңарту туралы шешім уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. Қабылданған шешім туралы жеке сот орындаушысы және Республикалық палата хабардар етіледі.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе жаңартудан бас тарту туралы шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы уəкілетті органның шешіміне дау айту бұл шешімнің қолданысын тоқтата тұрмайды.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 144-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
144-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату және лицензиясынан айыру
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтату:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
2) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кетті деп танылған;
4) қайтыс болған;
5) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9) 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
6) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысын лицензиясынан айыру:
1) атқарушылық әрекеттер жасау кезінде, оның ішінде мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзған;
2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жеке сот орындаушысы өз қызметіне ақы төлеу сомаларын уəкілетті орган белгілеген мөлшерден асыра өндіріп алған;
3) жеке сот орындаушысының лицензиясын беру үшін негіз болып табылған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмаланған ақпарат берілген;
4) бір ай ішінде осы Заңда белгіленген тәртіппен істердің әлеуметтік маңызы бар санаты бойынша атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамаған;
5) жеке сот орындаушысының лицензиясын тоқтата тұру кезеңінде қызметті жүзеге асыру фактісі анықталған;
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметті қоспағанда, ақысы төленетін өзге де қызмет түрлерімен айналысқан;
7) осы Заңның 170-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша Республикалық палата мүшелігінен шығарып жіберген жағдайларда уәкілетті органның талап қоюы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату не лицензиясынан айыру туралы ұсынысты уәкілетті органға прокуратура, Республикалық палата не жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары немесе аумақтық орган енгізеді.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы лицензиясының қолданысы тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізулерін, іс жүргізуін, архивін басқа жеке сот орындаушысына беру жөнінде, сондай-ақ жеке сот орындаушысының лицензиясын оны уәкілетті органға беру үшін алып қою және жеке сот орындаушысының жеке мөрін, қызметтік куәлігін жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Егер жеке сот орындаушысына қатысты тәртіптік іс жүргізу қозғалған болса, онда атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі өкілеттіктері тәртіптік іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін ғана оның өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату не лицензиясынан айыру туралы уәкілетті органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Жеке сот орындаушысын лицензиясынан айыру туралы уəкілетті органның шешіміне дау айту бұл шешімнің қолданысын тоқтата тұрмайды.
145-бап. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
146-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруының ерекше шарттары
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шарты болмаса, жеке сот орындаушысы өз қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты оның мүліктік мүддесі жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру объектісі болып табылады.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның талаптарымен айқындалады және қызметін астананың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында жүзеге асыратын жеке сот орындаушылары үшін - шарт жасалған күнге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде бір мың еселенген, өзге де жеке сот орындаушылары үшін кемінде бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Сақтандырылған тұлғаның атқарушылық құжаттарды орындау кезінде кәсіби қателер жіберуі салдарынан үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады.
Осы баптың мақсаттары үшін:
1) процестік құжаттарды дұрыс ресімдемеу;
2) атқарушылық құжатты орындағаннан, жеке сот орындаушысының қызметіне және борышкерге зиян келтіруге алып келген орындау жөніндегі шығыстарға ақы төленгеннен кейін мәжбүрлеп орындату шараларын уақтылы жоймау;
3) өзіне қатысты атқарушылық әрекеттер жүргізілетін тұлғаға зиян келтіруге алып келген жасалатын әрекеттердің салдары туралы оған хабар бермеу;
4) сақтанушы (сақтандырылған тұлға) атқарушылық іс жүргізу тараптарынан алған құжаттарды жоғалту немесе бүлдіру;
5) қызметі нәтижесінде өзіне белгілі болған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз жария ету жеке сот орындаушысының кәсіби қателері деп түсініледі.
Жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шартында сақтандырылған тұлға атқарушылық құжаттарды орындау барысында үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне зиян келтіруге алып келген өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) айқындалуы мүмкін.
3. 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Егер келтірілген зиянның мөлшері кәсіби жауапкершілікті сақтау шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерінен асатын болса, жеке сот орындаушысы оларға келтірілген зиянды жеке өзіне тиесілі мүлікпен, оның ішінде ақшамен қайтарады.
5. Өтелуге тиіс зиян келтіру фактісі мүдделі тараптардың келісімімен белгіленеді, ал дау болған жағдайда оны сот белгілейді.
6. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-параграф. Жеке сот орындаушыларының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
147-бап. Жеке сот орындаушысының құқықтары
Жеке сот орындаушысы:
1) осы Заңда көзделген атқарушылық әрекеттерді өзіне өтініш жасаған жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне сай жасауға;
2) кез келген банкте банктік шоттар, оның ішінде валюталық шот ашуға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен міндеттерінің болуына, кеңсе қызметкерлерін жалдауға және жұмыстан босатуға, түскен кірістерге билік етуге, сотта өз атынан сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да әрекеттер жасауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйелерінің қызметін пайдалануға;
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік тіркеу органдарының және өзге де ұйымдардың цифрлық дерекқорларынан мәліметтер алуға;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) атқарушылық құжатта көрсетілген соманы толық өтеу арқылы оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға және борышкерден осы Заңның 118-бабына сәйкес оның қызметіне ақы төлеуді ескере отырып, оны өтеуді талап етуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
148-бап. Жеке сот орындаушысының міндеттері
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті органда есептік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органдарына тіркелу үшін өтініш жасауға;
2) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сот орындаушысының қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес атқарушылық әрекеттер жасауға;
3) өзінің кәсіби міндеттерін адал орындауға, жеке адамдардың жеке өмірінің мән-жайларына қатысты құпияны сақтауға, қызметінің нәтижесінде өзіне белгілі болған коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге жол бермеуге міндетті.
Аталған міндет жеке сот орындаушысының өкілеттігін тоқтатқаннан кейін де күшінде қалады. Құпияны сақтау туралы талапты жеке сот орындаушысы кеңсесінің қызметкерлері мен аталған мәліметтерге қолжетімді басқа адамдар да сақтауға міндетті;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесінде атқарушылық іс жүргізуді, атқарушылық іс-әрекеттерді уақтылы тіркеуді және мүлікті есепке алуды жүзеге асыруға , қаулыларды, актілерді, хаттамаларды және өзге де құжаттарды электрондық атқарушылық іс жүргізуге жүктеуге;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) Жеке сот орындаушыларының кәсіптік Ар-намыс кодексін сақтауға;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-1) уәкілетті органның аумақтық органдарына, Республикалық палатаға, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына қаралатын шағым шеңберінде сұратылатын ақпаратты, оның ішінде атқарушылық іс жүргізуді ұсынуға;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) тоқсан сайын міндетті мүшелік жарналарды төлеуге;
2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-3) жоспарлы немесе жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде аумақтық органның не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының сұрау салуы бойынша өндіріп алушылардың пайдасына өндіріліп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмені, сондай-ақ ол бойынша түсініктерді ұсынуға;
6) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) заңмен көзделген жағдайларда жасалған атқарылған әрекеттер туралы мәліметтерді, құжаттардың өзге де көшірмелерін, қажет болған жағдайда - түсініктемелер, оның ішінде Жеке сот орындаушыларының кәсіптік Ар-намыс кодексінің талаптарын сақтамау мәселелері бойынша жеке түсініктемелер беруге;
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 7-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-1) адвокаттың сұрау салуы бойынша қылмыстық, азаматтық, әкімшілік процесте және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғаушы немесе өкіл ретінде білікті заң көмегін көрсетуіне байланысты қажетті мәліметтерді беруге;
2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-2) жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша онда көрсетілген заңдылықтың бұзылуын жою жөніндегі шараларды қабылдай отырып, аумақтық орган белгілеген мерзімдерде, бірақ күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей аумақтық органның заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынуын қарауға;
8) негіздер болған кезде аумақтық органға (бөлімге) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін материалдарды жіберуге;
9) өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруға;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 9-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-1) өз қызметін жүзеге асыра бастағаннан бастап алты ай ішінде, кейіннен екі жылда бір рет атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша Республикалық палата бекітетін бағдарламаларға сәйкес кәсіптік, оның ішінде қашықтықтан оқудан өтіп тұруға;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды; 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 9-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-2) лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не одан айырылған, сондай-ақ Республикалық палата мүшелігінен шығарылған не ұзақ уақыт (бір айдан астам) болмаған жағдайларда, атқарушылық іс жүргізулер мен архивті үш жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына беруге;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да міндеттерді атқаруға міндетті.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Жеке сот орындаушысы өз қызметі туралы:
1) нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітетін ақпаратты, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына және уәкілетті органға және (немесе) оның аумақтық органына;
2) нысаны мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бекітетін ақпаратты, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға береді.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 149-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
149-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін шектеу
Жеке сот орындаушысы оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметті қоспағанда, ақылы қызметтің өзге де түрлерімен айналысуға құқылы емес.
150-бап. Жеке сот орындаушысының жауапкершілігі
1. Жеке сот орындаушысының өзіне жүктелген міндеттер мен лауазымдық өкілеттіктерді орындамауы не тиісінше орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуге қатысушыларға және басқа да адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін атқарушылық әрекеттерді жасау салдарынан келтірілген залалды өтеуге міндетті.
151-бап. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-параграф. Жеке сот орындаушысының қызметін ұйымдастыру
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 152-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 152-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
152-бап. Атқару округі
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумағымен тұспа-тұс келетін, жеке сот орындаушысы қызмет ететін аумақ атқару округі болып табылады.
2. Атқару округіндегі жеке сот орындаушыларын айқындауды қалаларға, облыс аудандарына, қала аудандарына әкімшілік-аумақтық бөлуге сәйкес жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасы жүзеге асырады.
Жеке сот орындаушысы атқару округінің бүкіл аумағында атқарушылық құжаттарды орындауды жүргізуге құқылы.
3. Жеке сот орындаушысы атқарушылық әрекеттерді өзінің жұмыс орнынан тыс, атқару округінің шегінен тыс жерде жүзеге асырған кезде ол бұл жөнінде атқарушылық әрекеттерді жасаған жердегі жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасын хабардар етеді.
4. 2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 153-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 153-бап жаңа редакцияда
153-бап. Жеке сот орындаушысының кеңсесі
1. Жеке сот орындаушысының кеңсесі - жеке сот орындаушысының өз қызметін жүзеге асыратын тұрақты орын болып саналатын қызметтік үй-жайы.
2. Жеке сот орындаушысының кеңсесі сот орындаушысы қызметін жүзеге асыратын атқарушы округтің аумағында орналасуға тиіс.
3. Жеке сот орындаушысы қызметтік үй-жайының тұрған жеріне жəне жабдықталуына қойылатын талаптарды уəкілетті орган белгілейді.