9) уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 896-бабында көзделген мәліметтер мен құжаттарды ұсынбаса;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 10), 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылды
10) осы Заңның 11-бабының 1-1-тармағында белгіленген мерзiм өтпесе;
11) атқарушылық құжатты орындау мемлекеттік не жеке сот орындаушысының құзыретіне жатпаса;
12) атқарушылық құжатты бергенге дейін өндіріп алушы немесе борышкер болып табылатын заңды тұлғаны тарату не қайта ұйымдастыру аяқталса не ол банкрот деп танылса;
13) әкімшілік өндіріп алуды қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ерікті түрде орындау мерзімі өтпесе, атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы сот орындаушысы қаулысының көшірмесі аталған қаулы шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей, барлық түскен құжаттардың қосымшасымен өндіріп алушыға, сондай-ақ атқарушылық құжатты берген сотқа немесе органға (лауазымды адамға) жіберіледі.
Қайтару туралы қаулыда атқарушылық құжатты қайтарудың негіздері көрсетілуге тиіс.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 13) тармақшаларында көзделген мән-жайларды жою атқарушылық құжатты сот орындаушысына осы Заңда белгіленген тәртіппен қайта жіберуге (ұсынуға) кедергі келтірмейді.
Осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген мән-жайларды жою үшін жеке сот орындаушысы өндіріп алушыға он күн мерзім белгілейді. Егер өндіріп алушы көрсетілген мерзімде ағымдағы шотқа қажетті соманы енгізбесе, онда атқарушылық құжат орындауға ұсынылмаған болып есептеледі және өндіріп алушыға қайтарылады.
4. Сот орындаушысына кемшіліктері жойылғаннан кейін немесе белгіленген мерзімінен кешірек келіп түскен атқарушылық құжаттың қайтадан келіп түскен күні оның берілген күні болып есептеледі.
5. Қайтару туралы қаулыда көрсетілген кемшiлiктері жойылмай келiп түскен атқарушылық құжат орындалуға жатпайды және ол жiберген органға немесе адамға қайтарылады.
39-бап. Атқарушылық құжаттарды орындау мерзiмдерi
2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мерзімдік төлемдерді өндіріп алу, баламен қарым-қатынас тəртібі туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сондай-ақ заңдарда орындаудың өзгеше мерзімдері белгiленгеннен басқа жағдайларда, атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының орындауы атқарушылық iс жүргiзу қозғалған күннен бастап екi айдан аспайтындай мерзiмде аяқталуға тиiс.
2. Құрылыстарды бұзумен, технологиялық операцияларды жүргiзумен байланысты атқарушылық құжаттар бойынша, сондай-ақ мамандарды тарта отырып мүлiктi бағалауды, сараптама жүргiзудi, борышкердiң мүлкiн сатуды, iздестiрудi талап ететiн мүлiктiк өндiрiп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындау төрт айдан аспайтындай мерзiмде аяқталуға тиiс.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы Заңда көзделмеген өзге де мерзімдер өндіріп алушы мен жеке сот орындаушысы арасында жазбаша нысанда көрсетілуі мүмкін, бұл ретте олар алты айдан аспайды.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Атқарушылық іс жүргізу мерзіміне мынадай:
1) атқарушылық құжаттарды орындау осы Заңда көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған, кейінге қалдырылған не мерзімі ұзартылған;
2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) борышкерге тыйым салынған мүлікті дербес өткізу құқығы берілген;
2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3) сот орындаушысының əрекетіне (əрекетсіздігіне) немесе осындай əрекеттер жасаудан бас тартуына сот тəртібімен шағым жасалған;
2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4) сот орындаушысының ұсынуын (өтінішхатын) сот қарауға қабылдаған;
2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5) сот орындаушысы борышкердің өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде оның жалақысына жəне өзге де кіріс түрлеріне өндіріп алуды қолданған уақыт кірмейді.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40-бап. Орындауды кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, оның тәсілі мен тәртібін өзгерту, берілген сомаларды индекстеу
Атқарушылық іс-әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкін етпейтін мән-жайлар болған кезде өндіріп алушы немесе борышкер не сот орындаушысы істі қараған сот алдына немесе орындалатын жердегі сот алдына орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы мәселе қоюға құқылы.
Орындауды кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ берілген сомаларды индекстеу туралы мәселені сот атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша шешеді.
41-бап. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
42-бап. Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру мiндетi
Атқарушылық іс жүргізу:
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) егер құқық қатынасы құқықтық мирасқорлыққа жол берсе, өндіріп алушы қайтыс болған, өндіріп алушыны хабарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды ескермегенде, борышкер алдында өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапты болатын азаматтарға төленетін төлемдерді қоспағанда, сот оңалту немесе банкроттық, сондай-ақ борышкер болып табылатын заңды тұлғаны мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғаған немесе сот мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) сот «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғаған, сондай-ақ соттан тыс банкроттық рәсімі басталған;
3) өндіріп алушыны немесе борышкерді әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
4) 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) сот немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен атқарушылық құжатты беруге негіз болған сот актісінің орындалуын тоқтата тұру құқығы берілген лауазымды адам қаулы шығарған, сондай-ақ сот орындалуын белгілі бір мерзімге кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынған;
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1) халықтың əлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар, сондай-ақ кəмелетке толмаған балалары бар жəне оларды тəрбиелеп отырған жəне (немесе) тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар тұратын отбасылар Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайынан «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-1-тармағына сəйкес жылыту маусымы кезеңінде мəжбүрлеп шығарылған;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) сотқа атқарушылық құжат бойынша өндіріп алынатын мүлікті тізімдемеден шығару туралы талап қойылған;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді
8) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган борышкерге қатысты қаржы нарығында қызметті жүзеге асыру лицензияларынан айыру немесе олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) сот борышкерлер болып саналатын банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 9-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган борышкерлер болып саналатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) егер борышкер болып саналатын банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімде өзгеше көзделмесе, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган банкке көрсетілген шешімді қабылдаған;
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 10-1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 10-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-1) қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режиміндегі жəне борышкер болып саналатын банкті басқару жөніндегі уақытша əкімшілік көрсетілген режим енгізілген күннен кейін берілген борыштарды банктен өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттардың орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішпен жүгінген;
11) 2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) атқарушылық іс жүргізуді борышкердің қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін болмайтын жағдайда, ол бір айдан астам мерзімге уақытша болмаған (борышкер емдеу мекемесінде, қызметтік іссапарда, елді мекеннен тысқары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында мерзімді әскери қызмет өткеруіне байланысты тысқары жерде болған);
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды; 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 11-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-2) өндіріп алушы атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотқа жеке сот орындаушысы белгілеген мерзімге қарай енгізбеген;
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) өндіріп алушы жазбаша өтініш жасаған;
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) осындай құқық берілген сот, прокуратура немесе қылмыстық қудалау органдары атқарушылық іс жүргізуді талап еткен;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды; 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) егер прокурор сот орындаушысының борышкерге қатысты іздестіру жариялау туралы қаулысын санкциялаған жағдайда бір жұмыс күні ішінде тоқтатыла тұруға тиіс.
Осы баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген жағдайда оған қатысты тізімдемеден шығару (тыйым салудан босату) туралы талап қойылған мүлік бөлігінде ғана атқарушылық әрекеттер тоқтатыла тұрады.
Осы баптың бірінші бөлігінің 12) тармақшасында көзделген жағдайда жарияланып қойылған сауда-саттықтарды жүргізу бөлігінде атқарушылық іс-әрекеттер, сондай-ақ инкассолық өкімдердің орындалуы тоқтатыла тұрмайды.
43-бап. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 44-бап өзгертілді; 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
44-бап. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру мерзімдері Атқарушылық іс жургізу:
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 42-бабының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - борышкердің немесе өндіріп алушының құқықтық мирасқоры айқындалғанға, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі борышкерге немесе өндіріп алушыға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғанға, заңды тұлғаны тарату туралы шешім белгіленген тәртіппен қабылданғанға немесе борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға немесе оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарылғанға дейін;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда - «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімдерді қолдану туралы шешім қабылданғанға дейін;
2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) осы Заңның 42-бабының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда - сот актісі заңды күшіне енгенге дейін;
3) осы Заңның 42-бабының 6) тармақшасында көзделген жағдайда -қадағалау тәртібімен іс жүргізу аяқталғанға дейін немесе атқарушылық құжат беруге негіз болған сот актісінің орындалуын тоқтата тұрудың күшін жою туралы тиісті лауазымды адамның өкімі шыққанға, сондай-ақ сот орындалуын белгілі бір мерзімге кейінге калдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынғанға дейін;
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) осы Заңның 42-бабының 6-1) тармақшасында көзделген жағдайда - Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы орналасқан жер бойынша жылыту маусымы аяқталғанға дейін;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көзделген жағдайда - банкті реттеу режимі тоқтатылғанға дейін;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 10-1) тармақшасында көзделген жағдайда - егер банкті басқару жөніндегі уақытша əкімшіліктің өтінішінде өзгеше көрсетілмесе, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі тоқтатылғанға дейін;
6) осы Заңның 42-бабының 11-1) тармақшасында көзделген жағдайда -борышкер емдеу мекемесінен шыққанға, қызметтік іссапардан, елді мекенге, оның ішінде мерзімді әскери қызметтің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа әскерлері мен әскери құралымдарындағы мерзімді әскери қызметтен қайтқанға дейін;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) осы Заңның 42-бабының 11 -2) тармақшасында көзделген жағдайда -өндіріп алушы атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотқа енгізгенге дейін;
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 12) тармақшасында көзделген жағдайда - өндіріп алушыдан арыз келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге, ал атқарушылық іс жүргізу тараптары бітімгершілік келісімді бекіту немесе медиация туралы шарт жасасу туралы өтінішхатпен сотқа жүгінген кезде күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге;
9) осы Заңның 42-бабының 13) тармақшасында көзделген жағдайда -атқарушылық іс жүргізуді талап еткен орган оны қайтарғанға дейін;
10) осы Заңның 42-бабының 14) тармақшасында көзделген жағдайда - борышкердің орналасқан жері белгілі болғанға немесе оның мүлкі анықталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 45-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
45-бап. Борышкерді, борышкер болып саналатын заңды тұлғаның басшысын (оның міндетін атқарушыны) іздестіру
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Борышкердің болатын жері белгісіз болған, борышкер болып саналатын заңды тұлға тұрған жерінде немесе нақты мекенжайында, сондай-ақ оның мүлкі тіркелген не тұрған жерінде болмаған кезде сот орындаушысы ішкі істер органдары, экономикалық тергеп-тексеру қызметі арқылы борышкерге, борышкер болып саналатын заңды тұлғаның басшысына (оның міндетін атқарушыға) іздестіру жариялау туралы қаулымен атқарушылық құжат орындалатын жердегі прокуратура органдарына жүгінуге міндетті. Борышкерге, борышкер болып саналатын заңды тұлғаның басшысына (оның міндетін атқарушыға) іздестіру жарияланған жəне борышкердің өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады.
Борышкердің, борышкер болып саналатын заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) тұрған жері белгілі болған немесе борышкердің мүлкі анықталған кезде атқарушылық іс жүргізу қайта басталады.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Борышкерге, борышкер болып саналатын заңды тұлғаның басшысына (оның міндетін атқарушыға) iздеу салуды прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары, экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.
2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Борышкерге, борышкер болып саналатын заңды тұлғаның басшысына (оның міндетін атқарушыға) iздеу салу жөнiндегi шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатады және борышкерден мемлекеттік бюджетке сот арқылы өндiрiп алынуға тиiс.
Борышкерге iздеу салу жөнiндегi шығыстар іздеу салуды жүзеге асыратын органдардың өтініші негізінде айқындалады.
2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Сот орындаушысы борышкердің, борышкер болып саналатын заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) тұрған жерін анықтаған не олар сот орындаушысына келген жағдайда сот орындаушысы оларды іздестіруді жүзеге асыратын органды хабардар етеді.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
46-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi қайта жалғастыру
Атқарушылық iс жүргiзу өндiрiп алушының арызы бойынша немесе сот орындаушысының бастамасы бойынша оның тоқтатыла тұруын туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейiн қайта жалғастырылады.
Осы Заңның 44-бабының 8) тармақшасында көрсетілген тоқтата тұру мерзімдері өткен жағдайда, атқарушылық іс жүргізу қайта басталады.
47-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтатудың негiздерi мен салдары
1. Атқарушылық iс жүргiзу, егер:
1) өндiрiп алушы өндiрiп алудан бас тартса;
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енсе;
2) өндiрiп алушы мен борышкер бiтiмгершілік келiсiмiн жасасса және оны сот бекiтсе;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) атқарушылық іс жүргізу тараптары медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасасса;
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) шешiмде белгiленген талаптар немесе мiндеттер өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылатын жеке тұлға қайтыс болғаннан кейін қайтыс болған адамның құқықтық мирасқорына ауыспайтын болса;
4) борышкерді белгілі бір әрекеттерді жасауға міндеттейтін атқарушылық құжатты орындау мүмкіншілігі (белгілі бір әрекеттерді жасаудан тартыну) жоғалса;
5) тиiстi органның атқарушылық құжатты бергенде негiзге алынған шешiмiнiң күшi жойылса;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) соттың сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау және банкроттың кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторға қатысты сот арқылы банкроттық рәсімі барысында орындалмаған міндеттемелерін тоқтату туралы шешімі немесе соттың төлем қабілеттілікті қалпына келтіру жоспарын бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енсе;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) соттан тыс банкроттық рəсімі аяқталса жəне борышкер «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жəне банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, олар туралы мəліметтер кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген кредиторларға қатысты банкрот деп танылса;
2026.01.07. № 330-VIII ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5-3) борышкер уəкілетті органның (лауазымды адамның) шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен əкімшілік жауаптылықтан немесе қолданылған əкімшілік жазалаудан босатылса;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылатын заңды тұлғаны тарату аяқталса, құқықтық мирасқоры болмаған кезде не атқарушылық құжат борышкер болып табылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясына орындау үшiн жiберiлсе, борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі немесе оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енсе;
7) атқарушылық құжаттың өндiрiп алу немесе өзге де талабы толық көлемде орындалса;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) кәмелетке жасы келгеннен кейін алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болмаса
2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-2) «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-бабына сəйкес алимент төлеу жөніндегі міндеттері тоқтатылса;
8) заттарды өндiрiп алушыға беру туралы атқарушылық құжатты орындау кезiнде өндiрiп алушы борышкерден алып қойылған заттарды алудан бас тартса;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) мүлікті тәркілеу туралы атқарушылық құжаттың орындалуы барысында борышкерде мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе табысы болмаса, сот орындаушысы қабылдаған, оның мүлкін немесе табысын анықтау жөніндегі заңда көзделген шаралардың барлығы нәтижесіз болса;