Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебін жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 17 наурыздағы № 18 Бұйрығы
ҚР Бас Прокурорының м.а. 2015 жылғы 20 ақпандағы № 36 бұйрығымен күші жойылды
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебін жүргізуді жетілдіру және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебін жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2741 санымен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2004 ж., № 13-16 915-б. жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебін жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):
6-тармақта «Қазақстан Республикасының Президенттігіне» сөзі алынып тасталсын;
16-тармақта «2» саны «3» санымен ауыстырылсын;