«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлімшелерінің, топтарының) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 150 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 65 Бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 572 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі түзеу мекемелерінің арнайы есеп бөлімдерінің (бөлімшелерінің, топтарының) жұмысын жақсарту мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2 тармағы 3) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлімшелерінің, топтарының) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 150 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1719 болып тіркелген, 2002 жылғы № 13-14 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тақырыбында және бұйрықтың бүкіл мәтіні бойынша «түзеу мекемелеріндегі» деген сөздерден кейін «және қамауға алу түріндегі жазаны орындау бөлігінде тергеу изоляторларындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлімшелерінің, топтарының) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың (бұдан әрі - Нұсқаулық) 1-тармағында:
«бас бостандығынан айыруға» деген сөздерден кейін «қамауға алу» деген сөздермен толықтырылсын;