«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы кейбір бұйрықтардың күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 81-ө бұйрығы

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы кейбір бұйрықтардың күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 81-ө бұйрығы

 

Қолданыстағы ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес келтіру мақсатында, бұйырамын:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің, Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық экологиялық стандарттарды ендіру департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, сондай-ақ, осы бұйрықта көрсетілген нормативтік құқықтық актілер жарияланған ресми баспасөз басылымдарына, осы бұйрықтың қабылданғаны жөнінде хабарласын.

3. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қоршаған ортаны қорғау

министрінің 2010 жылғы

2 ақпандағы № 81-ө

бұйрығына қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің,

 Қоршаған ортаны қорғау министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының

тізбесі

 

1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің 2001 жылғы 11 наурыздағы № 50-п «Қоршаған ортаны қорғау саласында өндірістік бақылауды ұйымдастыру Қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 20 сәуірде № 1472 болып тіркелді, жарияланды: «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені», 2001 ж., № 23, ст.413);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.