Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 202 Бұйрығы
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің келесі бұйрықтарының күші жойылсын:
1) «Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 164 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестірінде № 2247 тіркелген).