Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық
іс-шаралардың 2010 жылға жоспарларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 18 қаңтардағы № 16 бұйрығы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» қаулысында анықталған аса қауіпті инфекциялық және инвазиялық аурулардан ауыл шаруашылығы малдары мен құстарды қорғауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған бекітілсін:
1) республикалық бюджет есебінен жүргізілетін 2010 жылға арналған ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралар жоспары;
2) республикалық бюджет есебінен жүргізілетін 2010 жылға арналған диагностикалық тексерулер жоспары.