(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АСТАНА ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2009.21.12 № 284/42-IV...

Астана қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджет туралы
Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 284/42-IV Шешімі

 

Осы редакция 2010 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Астана қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға арналған бюджет келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 197 385 800 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 56 374 666 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 1 314 677 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 13 332 886 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша - 126 363 571 мың теңге;

2) шығындар - 186 995 071 мың теңге;

3) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 10 117 000 мың теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу - 10 117 000 мың теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) - 273 729 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) (- 273 729) мың теңге;

6) қарыздар түсімі бойынша - 9 300 000 мың теңге;

2. «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті бюджеттің кірісіне төмендегілер есепке алынатындығын назарға алу:

бірыңғай бюджеттік сыныптаманың кіріс сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды алуға арналған салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған өзара шарт бойынша салық тәртібі тұрақтылығының кепілдіктерін сақтайтын роялти;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.