(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ НОТАРИАТТЫҚ ІС-ӘР...

Осы редакция 2010 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

1998 жылғы 9 наурыздағы

№ 150 бұйрығымен бекітілді

 

 

Жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын
лауазымды адамдарын аттестациялау туралы Ереже

(ҚР Әділет министрінің 04.11.04 ж. № 325 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

 

 

1. Жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды адамдарын аттестациялау туралы Ереже (бұдан әрі Ереже) көрсетілген адамдарды аттестациялау тәртібін, шарттары мен мерзімдерін реттейді.

2. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - «лауазымды адам») нотариаттық іс-әрекеттер жасауға және уәкілетті лауазымды адамы осы іс-әрекеттерді жасауға құқық алу үшін аттестациядан өтеді.

ҚР Әділет министрінің 04.11.04 ж. № 325 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Лауазымды адамдарды аттестациядан персоналдық құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін аумақтық аттестация комиссиясы (бұдан әрі - «аттестациялық комиссия») өткізеді.

1) ҚР Әділет министрінің 04.11.04 ж. № 325 бұйрығымен алынып тасталды

2) ҚР Әділет министрінің 04.11.04 ж. № 325 бұйрығымен алынып тасталды

3) ҚР Әділет министрінің 04.11.04 ж. № 325 бұйрығымен алынып тасталды

4) ҚР Әділет министрінің 04.11.04 ж. № 325 бұйрығымен алынып тасталды

5) ҚР Әділет министрінің 04.11.04 ж. № 325 бұйрығымен алынып тасталды

4. Лауазымды адамдарды аттестациялау үшін сұрақтар тізбесінің жобасын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазады және бекітеді.

Сұрақтар тізбесі Әділет министрлігінен аумақтық әділет органдарына аттестация басталардан кем дегенде 30 күн бұрын жіберіледі.

Аттестацияның сұрақтар тізбесі аумақтық әділет органдарының қол қоюымен аттестация басталардан кем дегенде 15 күн бұрын барлық аттестациядан өтуші лауазымды адамдарға тапсырылады.

5. Аттестацияны өткізу мерзімін аумақтық әділет органы белгілейді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.