«Қызылорда қаласы халқын белсенді жұмыспен қамтудың түрлері туралы» Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 848 қаулысы (2010.01.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қызылорда қаласы халқын белсенді жұмыспен қамтудың түрлері туралы
Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 848 қаулысы

(2010.01.02. берілген өзгерістермен)

 

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 22 Қаулысымен күші жойылды

Утратил силу

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы, жұмыс түрлері;

2) жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидасы;

3) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы;

4) кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді (жастар тәжірибесі) ұйымдастыру қағидасы;

5) оқушы жастарды ақылы қоғамдық жұмыстарға қамтуды ұйымдастыру қағидасы;

6) қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер тізімі бекітілсін.

2. «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

1) халықты жұмыспен қамтуға ықпал етудің тиімді саясатын қамтамасыз етсін, халықтың нысаналы топтарын қолдау үшін қосымша шаралар қарастырсын;

2) осы қаулының орындалу барысы туралы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-на Қызылорда қаласының әкімдігіне және «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ақпарат берсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.