«Денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 311 бұйрығы

Денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 311 бұйрығы

 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметті ұйымдастыру департаменті (Нұрғазиев Қ.Ш.) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықтың көшірмесін жіберсін және мерзімдік баспа басылымдарында оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

Ж. Досқалиев

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2010 жылғы 29 сәуірдегі

№ 311 бұйрығына

қосымша

 

 

Денсаулық сақтау саласындағы күшін жойылған кейбір бұйрықтардың

тізбесі

 

1) «Қазақстан Республикасында лепрамен ауыратын науқастарға көмекті ұйымдастыру және лепраға қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 3 қарашадағы № 689 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде 2000 жылғы 28 қарашада № 1308 тіркелді);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.