2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 27/239 шешімі
Осы редакция 2010 жылғы 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 75 бабынына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және облыстық мәслихаттың «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/252 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 2061 болып тіркелген) сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 7 047 563 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 6 035 810 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 756 815 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 254 938 мың теңге;
2) шығындар - 7 047 563 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.
2. Салықтық түсімдер бойынша қалалық бюджетке кірістер бөлу нормативтері мыналар бойынша төмендегідей көлемде белгіленгені ескерілсін:
төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы - 6,8 пайыз;
қызметін біржолғы талондар бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы - 100 пайыз;