Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық
конвенция
(қайта қаралған мәтін, 1997 ж. қарашада ФАО-ның 29-ы сессиясының конференциясында қабылданды)
(Рим қ., 1951 жылғы 6 желтоқсанда)
Қазақстан Республикасы ҚР Президентінің 2010.29.04. № 980 Жарлығымен халықаралық конвенцияға қосылды
2010 жылғы 13 қыркүйекте күшіне енді
Мазмұны
I бап Мақсат және міндеттемелер
III бап Басқа халықаралық келісімдерге қатынас
V бап Фитосанитариялық сертификаттау
VІ бап Реттелетін зиянды организмдер
VII бап Әкелінетін жүктерге қатысты қойылатын талаптар
VIII бап Халықаралық ынтымақтастық
ІХ бап Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі өңірлік ұйымдар
XI бап Фитосанитариялық шаралар жөніндегі комиссия
XIV бап Бұрынғы келісімдерді ауыстыру
XVII бап Ратификациялау және қосылу
XVIII бап Уағдаласушы болып табылмайтын тараптар
Қосымша Фитосанитариялық сертификаттардың үлгілері
ӨСІМДІКТЕР КАРАНТИНІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯ
КІРІСПЕ
Уағдаласушы Тараптар,
- өсімдіктерді және өсімдік тектес өнімді зақымдайтын зиянды организмдерге қарсы күрес және олардың әлем елдерінде таралуын және әсіресе олардың қауіп төнген елдерге әкелінуін болдырмау ісінде халықаралық ынтымақтастық қажет екендігін мойындай отырып;
- фитосанитариялық шаралар ғылыми негізделген, айқын болуы тиіс және әсіресе халықаралық саудада озбыр немесе қисынсыз кемсітушілікке немесе жасырын шектеулерге жол бермей қолданылуы тиіс екендігін мойындай отырып;
- осы мақсаттарға жетуге бағытталған шараларды тығыз үйлестіруді қамтамасыз етуге ниет білдіре отырып;