Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1377 және 2005 жылғы
25 сәуірдегі № 387 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 319 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1377 қаулысында:
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «Инжиниринг және технологиялар трансфертті орталығы» деген сөздер «Ұлттық инновациялық қор» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 387 қаулысында: