(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.05 № 730 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 және 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1203 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 730 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасында:

«Бағдарламаны Іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:

«Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауылдық жерлерде почта-жинақтау жүйесін дамыту бойынша іс-шаралар» деген 1.2-кіші бөлімде:

реттік нөмірі 1.2.9-жолда:

2-бағанда «2009 жылы - 88 АПББ;» деген сөздер алынып тасталсын;

5-бағанда «2009 ж. II тоқсан - 2010.ж. I тоқсан» деген сөздер алынып тасталсын;

6-бағанда «1 000,0» деген сандар алынып тасталсын;

2) «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1203 қаулысына (2009 жылғы 31 қаңтардағы № 38-41 (25438) «Егемен Қазақстан»):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында;

«Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімде:

«Азаматтар мен ұйымдарды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалануға көшіру» стратегиялық бағыты бойынша» деген 3.3-кіші бөлімде:

«өткізілетін іс-шараларда» 2), 3), 6) тармақшалар алынып тасталсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.