«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 40 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 40 қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 Қаулысымен күші жойылды

 

Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Агенттік Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген, № 9 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) исламдық бағалы қағаздар - исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;»;

15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«15) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау - эмитенттің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңында белгіленген тәртіпте бекітілген қайта құрылымдау жоспары және «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіпте бекітілген оңалту жоспары негізінде іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушы-техникалық және басқа да іс-шаралары мен рәсімдерінің кешені.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.