Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2345 Қаулысы
(2010.28.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2345 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған
стартегиялық жоспары
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің миссиясы және пайымдауы
Миссиясы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) тұтынушылар және табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілерінің мүдделері теңгерімінің негізінде салалық реттеуіш ретінде экономиканың инфрақұрылымдық салаларының тиімді жұмысы істеуі мен дамуын қамтамасыз етеді.
Пайымдауы
Реттелетін қызметтерге тарифтердің болжамды деңгейі, тиімді жұмыс істейтін субъектілер, инфрақұрылымға және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне кедергісіз әрі кемсітусіз қол жеткізу.
ҚР Үкіметінің 2010.11.09. № 929 Қаулысымен 2-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Агенттік темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдері мен газ, мұнай тасымалдау, су шаруашылығы және кәрiз жүйелерi, азаматтық авиация, айлақ қызметі саласында реттеуіш болып табылады және оған осы салаларда тарифтік және техникалық реттеу функциялары берілген.
Тарифтік реттеу табиғи монополиялар субъектілерін, көрсетілген нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие субъектілерді, мемлекеттік монополия субъектілері мен тауарлары (жұмыстары, қызметтері) Үкімет айқындайтын Номенклатураға енгізілген субъектілерді қамтиды.
Техникалық реттеу нормалау мен әртүрлі рұқсат беру, кемсітусіз қол жеткізудің шарттарын айқындау мәселелерін және лицензиялау мәселелерін қамтиды.
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес қазіргі уақытта табиғи монополиялар салаларында 1000-ға жуық субъект, оның ішінде:
552 - су кәрiзі жүйелерi саласында;
407 - электр және жылу энергетикасы саласында;
177 - көлік саласында;
38 - мұнайды және газды тасымалдау саласында өз қызметін жүзеге асырады.
Мемлекет басшысының 2009 жылдан бастап мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне, 3 жылдық бюджетке көшу туралы 2008 жылғы 6 ақпандағы Жолдауын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1221 қаулысымен Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілген.
Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің тиімділігін арттыру және реттелетін тарифтердің тұрақты деңгейін қамтамасыз ету мақсатында Агенттіктің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары:
электр, жылу және су шаруашылығы желілерінде базалық табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - ТМС) нормативтен тыс (олар болған жағдайда) техникалық ысыраптарын кезең-кезеңмен жоюға және нормативтік ысыраптарын азайтуға;
базалық ТМС-нің шикізат пен материалдар шығыстарының нормаларын оңтайландыруға;
орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істейтін базалық ТМС санын ұлғайтуға бағытталған.
Бұл ретте 2008 жылдың қорытындылары бойынша электр, жылу және су шаруашылығы желілерінде нормативтен тыс ысыраптар қолданыстағы деңгейден тиісінше 1,0 %-ға, 1,0 %-ға және 2,2 %-ға, нормативтік техникалық ысыраптар бекітілген деңгейден 1,0 %-ға, 1,0 %-ға және 2,0 %-ға төмендетілді, сондай-ақ шикізат пен материалдар шығыстарының нормаларын оңтайландырған базалық ТМС пайызы 10 %-ды құрады.
Сондай-ақ, 2008 жылы 5 базалық ТМС орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істеді.
Агенттіктің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында көрсетілгендей нормативтік техникалық ысыраптар деңгейінің жоғары болуынан басқа, кәсіпорындарда тиімсіз қызметке және инвестициялық тартымдылықтың төмендеуіне алып келетін нормативтен тыс ысыраптардың орын алып отыр.
Көрсетілген проблемаларды шешу үшін салалық реттеуіш ретінде табиғи монополиялар субъектілернің тиімді жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету Агенттіктің стратегиялық бағыты болып айқындалған, ол бойынша 2010-2014 жылдар кезеңіне арналған тиісті іс-шараларды жүргізу жөніндегі жұмыс жалғасады.
Сонымен қатар пәрменді түрткі болмайынша, айтарлықтай ілгерілеу болмайды.
Осыған байланысты 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) табиғи монополиялар субъектілерін нормативтен тыс ысыраптар болған жағдайда оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және іске асыруға, бұл ретте іс-шаралар жоспарын іске асыру нәтижесінде нормативтен тыс ысыраптарды жою мерзімі бес жылдан аспауға тиіс, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімде төмендетуді міндеттейтін норма қолданылады.
Бұдан басқа, Заңда табиғи монополия субъектісінің өтініммен бірге белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) және нормативтен тыс ысыраптар болған жағдайда оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын оларды қолданысқа енгізгенге дейін тоқсан күннен кешіктірмей ұсыну міндеті көзделген.
Сондай-ақ, 2009 жылы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге субъектілердің Нормативтен тыс ысыраптарды жою жөніндегі жоспарларды міндетті түрде әзірлеу мен іске асыру және нормативтік техникалық ысыраптарды міндетті түрде төмендету талабын көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осылайша, бұл шараларды Агенттік нормативтен тыс ысыраптарды толық жойғанға дейін және ысыраптардың деңгейі әлемдік параметрлерге жеткізілгенге дейін қолданатын болады.
Базалық субъектілерде нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейлері 2006 жылы орташа есеппен электр энергиясы бойынша - 15,7 %-ды, жылу бойынша - 20,7 %-ды, су бойынша - 31,7 %-ды құрады.
Агенттіктің техникалық реттеу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы, нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейлерін төмендетуге бағытталған іс-шараларды жүргізу нәтижесінде осы параметрлердің орнықты өсу үдерісін өзгертілді.
2007 жылы Агенттік 120 субъектінің 151 өтінімі бойынша осы ысыраптардың деңгейін төмендетті. 2008 жылы қаралған 197 өтінімнің 99 өтінімі (50 %) бойынша ысыраптардың мөлшерлері бұрын қолданыста болған деңгейлерден төмендетілді. Барынша төмендету 67,2 %-ды құрады. Аталған шара осы фактордың тарифтер деңгейіне ықпал етуін бәсеңдетуге мүмкіндік берді.
Табиғи монополиялар салаларында өндірістердің тозу және технологиялық жағынан артта қалу проблемасы да және осыған байланысты төмен тиімділік пен ысыраптар бар.
Қазіргі уақытта коммуналдық сектордағы табиғи монополиялардың барлық салалары бойынша негізгі құралдардың тозуы орташа есеппен 60-65 %-ды құрайды.
Бұл ретте көптеген субъектілерде желілерді жаңғыртуға және қайта жаңартуға, желілердегі ысыраптарды төмендетуге бағытталған инвестициялық бағдарламалар болған жоқ. 2008 жылы 1007 субъектінің 11-і ғана белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асырумен жұмыс істеді. 2009 жылы 997 субъектінің 44 субъектісі бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асырумен жұмыс істеуде.
Сумен жабдықтау секторының инвестициялық тартымдылығын көтеру шараларының бірі суды тұтынудың шамасын белгілеу кезінде тұтыну көлемдеріне қарай тұтынушылар топтары бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтердің саралануын енгізу болып табылады.
Осыған байланысты, 2009 жылы Су шаруашылығы және кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифтер есептеу әдістемесі әзірленді.
Сондай-ақ, республика өңірлерінде тәулік аймақтары бойынша электр энергиясына сараланған тарифтер енгізілді. 2009 жылы электр энергиясына тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерді енгізу басталды.
Бұдан басқа, МТЖ-ның қызметтеріне негізделген және ашық тарифтерді белгілеу мақсатында 2009 жылы Жүктердің тектерін, тасымалдау тектерін, жылжымалы құрамның үлгісін, поездің санатын, бағытталуын ескере отырып магистральдық темір жол желісі қызметтерінің өзіндік құнын есептеу әдістемесі әзірленді.
2008 жылғы желтоқсаннан бастап концессиялық негізде салынған Шар -Өскемен темір жолы уақытша пайдалануға берілді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Ералиев - Құрық, Қорғас - Жетіген екі темір жол учаскелерін салу жөнінде жұмыс жүргізілуде.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.Н. Ахметов Агенттікке Концессия шарттары бойынша көрсететін темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесін әзірлеуге 2009 жылғы 31 наурыздағы № 17-36/005-1432 тапсырма берген.
Сондай-ақ, 2009 жылы «Орта мерзімді кезеңге арналған (2007 - 2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы № 1127 қаулысына сәйкес концессиялық негізде Ақтау халықаралық әуежайдың жолаушылар терминалының құрылысы жүргізілуде.
Бұдан басқа, «Ақтау портын солтүстiк бағытта одан әрi кеңейтудiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 ақпандағы № 152 қаулысымен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына портты Солтүстiк бағытта кеңейту үшін су қоры жерiнен 49 (қырық тоғыз) жылға жалпы алаңы 35 гектар жер учаскесiн уақытша өтемдi жер пайдалануға берілді.
Бұл жоба айлақтар құрылысын болжайды, оларда табиғи монополиялар салаларына жатқызылған теңіз портының күштерімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары көрсетілетін болады.
Сонымен қатар, жекелеген құрылыстарды салу концессиялық негізде жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне және концессия шарттары бойынша көрсетілетін әуежайлардың қызметтеріне тарифтер есептеу тетігін айқындау мақсатында, концессионер салған инвестициялардың өтемділігін және оның негізделген сыйақы (пайда) алуын ескере отырып, 2009 жылы мынадай:
концессия шарттары бойынша көрсетілетін темір жол көлігінің объектілері темір жолдардың;
концессия шарттары бойынша көрсетілетін әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеудің әдістемелерін әзірленді.
Сондай-ақ 2011 жылы концессия шарттары бойынша көрсететін порттың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеудің әдістемесін әзірлеу қажет.
Әдіснамалық базаны жетілдіру табиғи монополиялар субъектілерінің ашықтығын тариф белгілеудің прогрессивті әдіснамасын 2012 жылы қолдану есебінен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін ескере отырып, мынадай:
2012 жылы - реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде энергия үнемдеу технологиясын неғұрлым тиімді қолдану үшін технологиялық циклдың учаскелерін айқындау;
2012 жылы - электр және (немесе) жылу желілеріне қосылатын қосымша қуаттар үшін төлемақыны айқындау әдістемелерін әзірлеу болжануда.
Сондай-ақ мынадай әдістерді:
2010 жылы - су шаруашылығы мен кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифтерді;
2013 жылы - өңірлік электр желілік компаниялар (бұдан әрі - ӨЭК ) қызметтерінің тиімділік дәрежесін ескеретін тарифтерді белгілеу үшін салыстырмалы талдауды енгізу көзделген.
ҚР Үкіметінің 2010.11.09. № 929 Қаулысымен 3-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі қызметінің
стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері
| 1-стратегиялық бағыт. Табиғи монополиялар субъектілерінің тиімді жұмыс істеуінің және дамуының жағдайларын қамтамасыз ету | ||||||||||||||||
| 1-мақсат. Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру | ||||||||||||||||
| Атауы | Өлшем бірлігі | Есепті кезең | Жоспарлы кезең | |||||||||||||
| 2008 есепті жыл | 2009 ағымдағы жыл | 2010 жыл | 2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл | 2014 жыл | ||||||||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | ||||||||
| Мақсатты индикаторлар Базалық табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - ТМС) нормативтен тыс ысыраптарының (олар болған кезде) төмендеу пайызы: |
|
|
|
|
|
|
|
| ||||||||
| электр желілерінде | % | 1,0 | 1,5 | 1,5 | 2,0 | 1,0 | 0,5 | - | ||||||||
| жылу желілерінде | % | 1,0 | 1,8 | 2,0 | 2,5 | 2,0 | 0,5 | - | ||||||||
| су шаруашылығы желілерінде | % | 2,2 | 2,0 | 2,5 | 1,0 | 0,5 | 0,4 | - | ||||||||
| Базалық ТМС нормативтік техникалық ысыраптарының бекітілгеннен төмендеу пайызы: |
|
|
|
|
|
|
|
| ||||||||
| электр желілерінде | % | 1,0 | 1,1 | 1,3 | 1,0 | 0,5 | 0,2 | 0,1 | ||||||||
| жылу желілерінде | % | 1,0 | 1,4 | 1,5 | 1,8 | 1,0 | 0,3 | 0,1 | ||||||||
| су шаруашылығы желілерінде | % | 2,0 | 1,9 | 2,6 | 2,0 | 2,0 | 1,0 | 1,0 | ||||||||
| Шикізат пен материалдар шығыстарының нормаларын оңтайландырған базалық ТМС пайызы | % | 10 | 15 | 15 | 15 | 10 | 8 | 5 | ||||||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | ||||||||
| 1.1-міндет. Нормативтен тыс ысыраптарды жою, нормативтік ысыраптар мен шығындарды төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспары бар ТМС санын арттыру үшін жағдайлар жасау | ||||||||||||||||
| Нормативтен тыс ысыраптарды жою жөніндегі жоспарларды міндетті түрде әзірлеудің талабын көздейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу
| дана |
| 1 |
|
|
|
|
| ||||||||
| Нормативтік техникалық ысыраптарды міндетті түрде төмендету талабын көздейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу | дана |
| 1 |
|
|
|
|
| ||||||||
| 1.2-міндет. Субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында нормативтік-құқықтық базаны тұтынушылар мен субъектілер мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып жетілдіру | ||||||||||||||||
| «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу | дана |
| 1 |
|
|
|
|
| ||||||||
| Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің нысаналы көрсеткіштерінің кешендерін басқару стратегиясын әзірлеу | дана |
|
|
| 1 |
|
|
| ||||||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | ||||||||
| Жүктердің тегін, тасымалдау тегін, жылжымалы құрамның үлгісін, поездың санатын, бағытталуын ескере отырып МТЖ қызметтерінің өзіндік құнын есептеу әдістемесін әзірлеу
| дана |
| 1 |
|
|
|
|
| ||||||||
| Электр және (немесе) жылу желілеріне қосылатын қосымша қуаттар үшін төлемақыны айқындау әдістемесін әзірлеу
| дана |
|
|
|
|
1 |
|
| ||||||||
| 1.3-міндет. Табиғи монополиялар, доминанттар және мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметтерін мемлекеттік реттеудің жаңа әдістерін әзірлеу және енгізу | ||||||||||||||||
| Су шаруашылығы және кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифтерді есептеу әдістемесін әзірлеу
| дана |
| 1 |
|
|
|
|
| ||||||||
| Су шаруашылығы және кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифтер әдісін енгізу | дана |
|
| енгізу |
|
|
|
| ||||||||
| Субъектілер қызметінің тиімділік дәрежесін ескеретін тарифтерді белгілеу үшін салыстырмалы талдау (benchmarking) әдісін енгізу | дана |
|
|
|
|
| енгізу |
| ||||||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | ||||||||
| Концессия шарты бойынша көрсетілетін темір жол көлігінің обьектілері бар темір жолдың реттелетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесін әзірлеу | дана |
| 1 |
|
|
|
|
| ||||||||
| Концессия шарты бойынша көрсетілетін әуежайлардың реттелетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістерін әзірлеу |
|
| 1 |
|
|
|
|
| ||||||||
| Концессия шарты бойынша көрсетілетін порттың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесі | дана |
|
|
| 1 |
|
|
| ||||||||
| Реттелетін қызметтерді көрсеткен кезде энергия үнемдеуші технологияларды неғұрлым тиімді қолдану үшін технологиялық циклдің учаскелерін айқындау әдістемесін әзірлеу | дана |
|
|
|
| 1 |
|
| ||||||||
| 2-мақсат. Реттелетін тарифтердің (бағалардың) тұрақты деңгейін қамтамасыз ету | ||||||||||||||||
| Нысаналы индикаторлар Орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істейтін базалық ТМС саны | бірлік | 5 | 10 | 12 | 15 | 11 | 10 | 12 | ||||||||
| 2.1-міндет. Орта мерзімді және (немесе) ұзақ мерзімді тарифтерді бекіту ережесін жетілдіру | ||||||||||||||||
| Субъектілердің орта және (немесе) ұзақ мерзімді тарифтерді бекітуге берілген өтінімдерінің материалдарына рәсімдерді және талаптарды оңайлату жөнінде жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу немесе қолданыстағыларын жетілдіру | дана |
| 1 |
|
|
|
|
| ||||||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | ||||||||
| 2.2-міндет. Субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің және техникалық жай-күйінің тиімділігін талдау және бағалау | ||||||||||||||||
| Табиғи монополиялар субъектілерін жоспарлы тексеруді қысқарту (жылдық тексеру жоспарына сәйкес) | 2008 жылғы % | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | ||||||||
| Қатер дәрежесі шамалы және орташа санаттарға жатқызылған табиғи монополиялар субъектілеріне тексерулер жүргізу мерзімі | жұмыс күндері | 30 | 30 | 29 | 28 | 28 | 28 | 28 | ||||||||
| Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қаржылық және техникалық сараптамалар жүргізу, олар мыналарды қамтамасыз етеді: |
|
|
|
|
|
|
|
| ||||||||
| субъектілерді қамту, кемінде | дана | 60 | 58 | - | - | - | - | - | ||||||||
| сараптама саны, кемінде | дана | 112 | 118 | - | - | - | - | - | ||||||||
| 2.3-міндет. Тарифтерді бекіту рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету | ||||||||||||||||
| Өтінімдер түскен кезде жария тыңдаулар өткізу (қажет болған кезде) | дана | 340-400 | 300-350 | 270-320 | 240-280 | 240-280 | 240-280 | 240-280 | ||||||||
| 2.4-міндет. ББИ көрсеткіштерін жақсартуды ескере отырып, ТМС қызметтеріне арналған тарифтерді реттеу | ||||||||||||||||
| Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шектік өсуінің инфляцияға жиынтық үлесінің шегінде ТМС реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер бекіту | % | 1,5 | 2,0 | * | * | * | * | * | ||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
* Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды
ҚР Үкіметінің 2010.11.09. № 929 Қаулысымен кесте жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
| Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары | Мемлекеттік органның мақсаттары іске асыруға бағытталған мемлекеттің стратегиялық мақсаттары | Стратегиялық құжаттың, нормативтік құқықтық актінің атауы |
| 1-стратегиялық бағыт. Табиғи монополиялар субъектілерінің тиімді жұмыс істеуінің және дамуының жағдайларын қамтамасыз ету | ||
| 1-мақсат. Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру | Алдағы кезеңде мыналар көзделеді: өңірлік электр желілері компаниялары (бұдан әрі - ӨЭК) қызметінің тиімділігі дәрежесін ескеретін тарифтер белгілеу үшін реттеуді ынталандыру салыстырмалы талдаудың жаңа әдісін тәжірибеге енгізу жолымен табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру, бұл табиғи монополиялар субъектілеріндегі қызметті және қызмет көрсету технологияларын оңтайландыруға ынталандыру жасайды; тұтынушылар топтары бойынша және суды тұтыну шамасын белгілеген кездегі тұтыну көлемдеріне байланысты сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтер енгізу, бұл жоғары қолайлылық жағдайларына, сондай-ақ судың коммерциялық мақсаттарға жұмсалуына сәйкес қызметтерге сараланған ақы төлеуді көздейтін әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді; реттелетін нарық субъектілеріне белгіленген баға деңгейлерін көтермей реттелетін нарықтарда болып жатқан өзгерістерге икемді ден қоюға мүмкіндік беретін реттелетін нарық субъектілері қызметтеріне бағаның шектелген деңгейлерін енгізу. Бұл ретте реттеуші орган сараптама жүргізген кезде бағаны төмендетуге құқылы. Экономика сапаларының дамуына әсер ететін тарифтердің өзгеруі инфляцияның жоспарланған дәлізі, сондай-ақ Үкімет айқындайтын инфляция деңгейіне реттелетін қызметтердің үлесі ескеріле отырып көзделеді. Табиғи монополиялар субъектілерін нормадан тыс шығынды жою және нормативтік шығынды ысырапты қысқарту негізінде өнімділікті арттыруға және шығындарды азайтуға ынталандыру үшін тарифтерді есептеу әдіснамасы жетілдірілетін болады. | «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық - инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы |
| ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту пайдаланудың үлестік шығындарын азайту, ресурстар үнемдейтін технологияларды енгізу, табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтен жоғары ысыраптарын жоюға және нормативтік шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін тарифтік реттеудің тиімділігін арттырумен қатар жүреді | «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы | |
| 2-мақсат. Реттелетін тарифтердің (бағалардың) тұрақты деңгейін қамтамасыз ету | 2012 жылға қарай электр энергиясын беру мен бөлуге арналған тарифтерді қалыптастырудың ұзақ мерзімді тарифтік саясаты әзірленеді және енгізіледі 2013 жылға қарай магистральдық темір жол желісі қызметтерінің ұзақ мерзімді кезеңге арналған шекті тарифтері бекітіледі | «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы |
4. Агенттіктің функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қатерлер
Агенттіктің қызметтерін жетілдіру мақсатында:
1) кадр әлеуетін ұдайы арттыруға, білікті мамандарды, оның ішінде жоғары оқу орындарының түлектерін тартуға, біліктілік деңгейді көтеруге, сондай-ақ қызметкерлерді ынталандыруға, әрбір қызметкер қызметінің тиімділігін одан әрі жетілдіруге ықпал ететін қолайлы еңбек жағдайларын жасауға;
2) жұмыс тиімділігін арттыру үшін жаңа техника мен технологиялар санын және олармен қамтылуын ұлғайтуға;
3) Агенттік қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.
Агенттіктің мақсаттарына төменде санамаланған сыртқы, ішкі факторлар және институционалдық факторлардың есебінен қол жеткізуге әсер етуі мүмкін ықтимал қатерлер:
| Қатердің атауы | Алдын ала сақтандыру және (немесе) уақтылы ден қою шараларын қабылдамаған жағдайда болуы мүмкін салдарлар | Басқару тетіктері мен шаралары |
| 1 | 2 | 3 |
| Сыртқы қатерлер | ||
| Инфляция деңгейінің берілген параметрлерден асып түсуі | Макроэкономикалық орнықтылықтың нашарлауына алып келуі мүмкін | Табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің негізсіз өсуіне және Агенттік реттейтін қызметтердің инфляцияға Қазақстан Республикасы Үкіметі мақұлдаған салымынан асыруға жол бермеу бойынша бүкіл қажетті шараларды қабылдау |
| Агенттік жүйесінің тиімді жұмыс істеуі үшін тиісті шешімдер мен нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау | Агенттіктің мақсаттарға жетуге әсер етуі мүмкін | Заң шығармашылық жұмыстарының сапасына бақылауды күшейту |
| Ішкі қатерлер | ||
| Компьютер жүйесінің істен шығуы | дерек қордың жоғалуы | Агенттік және оның аумақтық органдарының есептеу техникасы мен ақпараттық жүйелері құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
| Институционалдық | ||
| Агенттіктің білікті мамандарының неғұрлым тартымды жағдайлары бар (жоғары жалақы, қолайлы еңбек жағдайлары, нормаланған жұмыс кестесі және т.б.) ұйымдарға кетуі | Салалық реттеуіштің кәсіби мүмкіндіктерінің төмендеуі - оның табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы міндеттерді жүзеге асыруға қабілетсіздігі | 1. Моральдық және материалдық ынталандыру 2. Мамандардың біліктілік деңгейін арттыру 3. Қызмет бабында көлікпен қамтамасыз ету 4. Қолайлы еңбек жағдайларын жасау |
5. Нормативтік құқықтық актілер
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі.
2. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
3. «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
4. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы.
5. ҚР Үкіметінің 2010.11.09. № 929 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысы.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 697 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.28.11. № 1262 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-бөлім өзгертілді
6. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бюджеттік бағдарламалары