«2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсан № 287-IV шешімі (2010.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсан № 287-IV шешімі

(2010.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Атырау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 157-V шешімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және облыс әкімдігі ұсынған 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарап, облыстық мәслихат ХІХ сессиясында ШЕШТІ:

Атырау облыстық мәслихатының 2010.27.01. № 303-IV шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 329-IV шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.07. № 334-IV шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.01.10. № 352-IV шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.03.12. № 373-IV шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 105 415 487 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 40 154 607 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 346 086 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 000 мың теңге;

ресми трансферттердің түсімдері - 64 913 794 мың теңге;

2) шығындар - 98 696 182 мың теңге;

3) таза бюджеттік несиелендіру - -1 143 810 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік несиелер - 300 444 мың теңге;

несиелерді өтеу - 1 444 254 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 7 876 026 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 7 894 026 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 18 000 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -12 911мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -12 911мың теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.