Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы»
2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 18 қаулысы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
1-тармақта «брокерлерінің,» деген сөзден кейін «өзара сақтандыру қоғамдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігінің үшінші сөйлемінде «- ұйым дербес айқындайды» деген сөздер «ұйым шоттарды одан әрі жан-жақты және таратып жазу үшін айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тарауда: