2010-2012 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 211 шешімі
Осы редакция 2010 жылғы 17 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына және «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 232 шешіміне сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2010 - 2012 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, тиісінше, соның ішінде 2010 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 18 555 452 мың теңге,
оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 9 956 869 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 595 870 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан
түсетін түсімдер бойынша - 1 715 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 6 287 713 мың теңге;
2) шығындар - 17 481 452 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 0 теңге,
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын
операциялар бойынша сальдо - 0 теңге,
оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін
сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет профициті - 1 074 000 мың теңге;
6) бюджет профицитін пайдалану - -1 074 000 мың теңге.
2. Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 52 бабына сәйкес, 1 тармағының 1, 2 тармақшаларда қаралғандарды қоспағанда, түсімдер Ақтөбе қаласының бюджеті кірісіне толық есептелсін.
3. Ақтөбе облыстық мәслихатының «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен салықтар түсімдерінің жалпы сомасы Ақтөбе қаласына мынадай мөлшерде бөлінуі белгіленгені еске алынсын:
1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 22 пайыз;
2) әлеуметтік салық бойынша 22 пайыз;