«Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 27/239 «2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтытырулар енгізу туралы» Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 31/265 шешімі

«Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 27/239
 «2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтытырулар енгізу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 31/265 шешімі

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 30 наурыздағы № 23/271 «Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/252 «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылы 9 сәуірінде № 2066 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 27/239 «2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-121 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 208-209 «Маңғыстау» газетінде жарияланған), төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2010 жылға арналған қалалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 13 436 854 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 8 091 279 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 554 472 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 491 756 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша - 4 299 347 мың теңге;

2) шығындар - 13 499 669 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - 0 теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 185 308 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 185 308 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 248 123 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 248 123 мың теңге, соның ішінде:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.