Мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 253
«Қостанай қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы Костанай қаласы мәслихатының 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 294 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қостанай қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 253 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-137 тіркелген, 2010 жылғы 7 қаңтарында «Қостанай» газетінде жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешімнің 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшалары мына редакцияда жазылсын:
«1) кірістер - 14763090,0 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 9486756,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 63155,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 507000,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 4706179,0 мың теңге;
2) шығыстар - 14682003,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - -16633,0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттерді өтеу - -16633,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 34000,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 34000,0 мың теңге;
5) бюджет профициті - 63719,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - -63719,4 мың теңге.»;
аталған шешімнің 4-тармағы мына редакцияда жазылсын:
«4. Қостанай қаласының 2010 жылға арналған бюджетінде бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақы қорының өзгерісіне байланысты облыстық бюджетке 50113,0 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару қарастырылғаны ескерілсін.»;
аталған шешімнің 5-тармағы мына редакцияда жазылсын:
«5. Қостанай қаласының 2010 жылға арналған бюджетінде облыстық бюджеттен даму трансферттері мен ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде: