«Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 396 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 167 бұйрығы (күші жойылды)

«Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 396 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 167 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен 2012 жылы 30 каңтардан бастап күші жойылды

 

Банкроттық рәсімдердің жүргізілу тиімділігін арттыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 396 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5292 тіркелген, «Заң газетінде» 2008 жылдың 10 қазанында № 155 (1555) жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

Аталған бұйрықпен бекітілген, Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тіркеу ережесінде:

кіріспедегі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің (бұдан әрі - Комитет), оның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық бөлімшелері)» деген сөздермен ауыстырылсын;

барлық мәтін бойынша «Комитет, оның аумақтық бөлімшелері» деген сөздер «Комитеттің аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;

12-тармақта:

бірінші абзацта:

«сырттай байқау әкімшілерін тағайындау тізілімін,» деген сөздерден кейін «оңалтушы басқарушыларды тағайындау тізілімін,» деген сөздермен толықтырылсын;

«3 және 4» сандары «3, 4 және 8» сандарымен ауыстырылсын;

екінші абзацта:

«сырттай байқау әкімшісін, конкурстық басқарушыны және лицензиатты» деген сөздер алып тасталсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.