(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2009.20.1...

2010-2012 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы
Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 20/1 шешімі

 

Осы редакция 2010 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексі 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 6-бабына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШТІ:

1. Сәйкесінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес 2010-2012 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті бекітілсін, соның ішінде 2010 жылға мына көлемде:

1) кірістер - 70 464 390 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:

салықтық түсімдер - 6 659 731 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 70 997 мың теңге;

трансферттердің түсуі - 63 733 662 мың теңге;

2) шығындар - 70 356 232 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 654 582 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 1 127 582 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 473 000 мың теңге;

4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - -2 000 мың теңге, соның ішінде:

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер - 2 000 мың теңге;

5) дефицит - -544 424 мың теңге;

6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру- 544 424 мың теңге.

2. 2010 жылға арналған облыстық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгілесін:

біржолғы талондар бойынша қызмет ететін жеке тұлғаларға салынатын жеке табыс салығының түсімдерін қоспағанда, жеке табыс салығы;

жер бетіне жақын көздердегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер;

орманды пайдаланғаны үшін төлемдер;

қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемдер.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.