Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 712 қаулысы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 801 Қаулысымен күші жойылды
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоса берілген облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі бекітілсін.
2. Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3.Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары М. Алдоңғаровқа жүктелсін.