Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын жекелеген топтарына біржолғы атаулы көмек көрсету туралы
Атырау қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 294 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасын және 37-бабын басшылыққа алып, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
1) халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын жекелеген топтарына жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде біржолғы әлеуметтік төлемдер төленуін қамтамасыз етсін;