Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір
бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының
2007 жылғы 9 ақпандағы № 02-01-02/113 Бұйрығы
Осы редакция 2010 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Жарлығының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін.
2. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.