«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 198 Бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:
2 «Қаржылық қызмет» кіші функциясында:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 008 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«008 Бюджеттік инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу»;
«5 Жоспарлау және статистикалық қызмет» кіші функционалдық тобында:
220 «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 220 «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен ауыстырылсын;
001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау мен басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Экономика және сауда саясатын, мемлекеттік жоспарлау мен басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі қызметтер»;
044 «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін материалдық-техникалық жарақтандыру» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын: