«Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 70 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 12 мамырдағы № 187 Қаулысы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 57 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 70 (Нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 - нөмірімен тіркелген, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 51 - нөмірінде 2009 жылғы 7 сәуірде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: