2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 192 шешімі
(2009.25.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Қызылорда облыстық мәслихатының 2009.25.12. № 198 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет» 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес 2010 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 84 663 666 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 4 405 198 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 35 342 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 600 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 80 219 526 мың теңге;
2) шығындар - 84 499 765 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - -1 088 897 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 1 489 505 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 400 608 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 27 101 теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 27 101 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -952 097 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)- 952 097 теңге.
2. Аудандар мен Қызылорда қаласының бюджеттерінен облыстық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей болып белгіленсін:
жеке табыс салығы: аудандар бюджеттерінен - 0 пайызға, Қызылорда қаласының бюджетінен - 50 пайызға;
әлеуметтік салық: аудандар бюджеттерінен - 10 пайызға, Қызылорда қаласының бюджетінен - 57,3 пайызға.
3. Аудандық бюджеттерге берілетін субвенциялардың көлемі 19 243 971 мың теңге болып белгіленсін, оның ішінде:
мың теңге
| Арал ауданы | 3 286 022 |
| Қазалы ауданы | 3 463 359 |
| Қармақшы ауданы | 2 312 798 |
| Жалағаш ауданы | 1 949 079 |
| Сырдария ауданы | 1 689 141 |
| Шиелі ауданы | 3 033 085 |