2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар
жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы
хаттама
(Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 21 мамырда)
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды
ҚР 2011 жылғы 24 қаңтардағы № 398-IV Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі Кеден одағына (бұдан әрі - кеден одағы) мүше мемлекеттердің үкіметтері 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімінің (бұдан әрі - Келісім) 11-бабы негізінде төмендегілер туралы келісті:
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-бапта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжат» - санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімнің (тауарлардың) адам денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын және уәкілетті органдар беретін құжат (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік)»;
2) 2-баптың үшінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Бірыңғай санитариялық талаптар бақылаудағы тауарлардың тиісті түріне ЕурАзЭҚ техникалық регламенттер қабылдағанға дейін қолданылады».
3) 5-бапта:
екінші абзац «санитариялық талаптарға» деген сөздерден кейін «қайта ресімделмей, ЕурАзЭҚ техникалық регламенттеріне» деген сөздермен толықтырылсын;