Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі туралы келісім (Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 21 мамырда) (күші жойылды)

Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі туралы
келісім
(Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 21 мамырда)

 

2018 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

ҚР 2010 жылғы 30 маусымдағы № 311-ІV Заңымен ратификацияланды

2011 жылғы 17 ақпанда күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттерінің (бұдан әрі - кеден одағы) үкіметтері,

2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа негізделе отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

І-бөлім. Жалпы ережелер

 

1-бап

Келісімнің әрекет ету саласы

 

Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары (бұдан әрі - кеден органдары) осы Келісімнің ережелеріне сәйкес:

кеден одағы кеден заңнамасының және кеден одағына мүше мемлекеттер заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге ықпал ететін ақпаратпен алмасады;

кеден одағына басқа мүше мемлекеттің кеден органының тапсырмасы бойынша кедендік бақылаудың жеке нысандарын жүргізеді;

кеден органдары қабылдаған шешімдерді өзара таниды.

 

 

2-бап

Осы Келісімде пайдаланылатын терминдер

 

Осы Келісімде мынадай терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады:

1) орталық кеден органдары:

Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті;

Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;

Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі;

2) аумақтық кеден органдары:

Беларусь Республикасы үшін - кедендер;

Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелер, кедендер;

Ресей Федерациясы үшін - өңірлік кедендік басқармалар мен кедендер;

3) сұрау салушы кеден органы - осы Келісімге сәйкес сұрау салуды жіберетін кеден органы;

4) сұрау салынатын кеден органы - осы Келісімге сәйкес сұрау салуды алған кеден органы;

5) тапсырма беретін кеден органы - осы Келісімге сәйкес тапсырманы жіберетін кеден органы;

6) атқарушы кеден органы - осы Келісімге сәйкес тапсырманы алған кеден органы.

 

 

ІІ-бөлім. Кеден органдары арасында ақпаратпен алмасу

 

3-бап

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.