Электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен тауарларды өткізу тәртібі туралы келісім (Жоба) (2010 жылғы 19 мамырда)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 19 мамырдағы

№ 432 қаулысымен

мақұлданған

 

жоба

 

Электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен тауарларды өткізу тәртібі туралы
 келісім

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,

электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен тауарларды өткізу тәртібі туралы келісімге қол жеткізу мақсатында,

Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы 2007 жылғы 6 қазандағы шарттың және Кеден одағының кеден кодексі туралы 2009 жылғы 27 қарашадағы шарттың ережелеріне негізделе отырып,

халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормаларын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

Келісімнің мәні

 

Осы Келісім кедендік бақылауда тұрған тауарларды электр беру желілері бойынша және құбыржол көлігімен кеден одағының кедендік аумағына әкелу, осы аумақтан әкету және кеден одағының кедендік аумағы бойынша өткізу тәртібін, оның ішінде құбыржол көлігін пайдалана отырып аралас тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі оларды кедендік декларациялау, сондай-ақ мұндай тауарлар үшін кедендік транзит кедендік рәсімін пайдалану ерекшеліктерін айқындайды.

 

 

2-бап

Осы Келісімде пайдаланылатын негізгі терминдер

 

1. Осы Келісімде мынадай негізгі терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады:

1) тасымалдаушы - құбыржол көлігін пайдалану және (немесе) өткізуге (өткізуді ұйымдастыруға) арналған шарт (шарттар) бар болған жағдайда тауарларды құбыржол көлігімен өткізуге, сондай-ақ құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды бақылау мен есепке алуға жауапты болып табылатын тұлға;

2) оператор — электр беру желілерін пайдалану және (немесе) өткізуге (өткізуді ұйымдастыруға) арналған шарт (шарттар) бар болған жағдайда тауарларды электр беру желілері бойынша өткізуге, сондай-ақ электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды бақылау мен есепке алуға жауапты болып табылатын тұлға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.