Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну туралы және алмасу туралы келісім (Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 21 мамырда) (күші жойылды)

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік
құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну туралы және алмасу туралы
келісім
(Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 21 мамырда)

 

2018 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

ҚР 2010 жылғы 30 маусымдағы № 323-ІV Заңымен ратификацияланды

2011 жылғы 24 қаңтарда күшіне енді

 

Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар),

2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) басшылыққа ала отырып,

Дүниежүзілік кеден ұйымының әлемдік саудадағы қауіпсіздігі мен оны жеңілдетудің негіздемелік стандарттарын назарға ала отырып,

кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының кедендік бақылауын қамтамасыз етуде Тараптар мемлекеттерінің кеден органдарының тиімді өзара іс-қимылын және қызметтерін үйлестіруге ұмтыла отырып,

кеден одағы кеден заңнамасының және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасының бұзылу тәуекелдерін барынша азайту, сондай-ақ кедендік операцияларды жасауды жетілдіру және жеделдету, кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну мен алмасу қажеттілігін мойындай отырып,

мына төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Осы Келісімде мынадай терминдер пайдаланылады:

кеден одағына мүше мемлекеттердің орталық кеден органы - Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Ресей Федерациясының алмасатын электрондық хабарламалардың Федералдық кеден қызметі;

техникалық шарттар - кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық хабарламалардың құрылымын және форматын, алмасу регламентін, алмасу тәсілдерін, ақпараттық жүйелердің бағдарламалық және техникалық құралдарына, сондай-ақ тасымалдың бірегей сәйкестендіру нөміріне қойылатын талаптарды айқындайтын құжат;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.