2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар
жөніндегі келісіміне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
хаттама
(Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 21 мамырда)
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды
ҚР 2011 жылғы 3 наурыздағы № 415-IV Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,
2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісімінің (бұдан әрі - Келісім) 10-бабына сәйкес,
төмендегілер туралы келісті:
Келісімге мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
1) 4-баптың 1-тармағының бірінші абзацында «рұқсат пен» деген сөздер «рұқсаттың және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: