Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары мен өзге де мемлекеттік органдары арасында ақпарат алмасуға қойылатын талаптар туралы келісім (Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 21 мамырда) (күші жойылды)

Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары мен өзге де мемлекеттік органдары
арасында ақпарат алмасуға қойылатын талаптар туралы
келісім
(Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 21 мамырда)

 

2018 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

ҚР 2010 жылғы 30 маусымдағы № 313-ІV Заңымен ратификацияланды

2011 жылғы 24 қаңтарда күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың шеңберінде кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,

2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты негізге ала отырып,

кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары арасында, сондай-ақ кеден одағына мүше бір мемлекеттің кеден органдары және кеден одағына мүше басқа мемлекеттің өзге де мемлекеттік органдары арасында ақпарат алмасуды ұйымдастыру үшін нормативтік құқықтық базаны құру мақсатында,

кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикалық мүдделерін қорғауды, сыртқы және өзара саудасының дамуын және кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының мемлекеттік функцияларын орындауының тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдары алған ақпаратпен алмасады.

Кеден одағына мүше бір мемлекеттің кеден органдары кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдары алған ақпаратты кеден одағына мүше басқа мемлекеттің өзге мемлекеттік органына кеден одағының кеден заңнамасына және осы Келісімге сәйкес кеден одағына мүше басқа мемлекеттің кеден органы арқылы ұсынады.

 

 

2-бап

 

Осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген ақпарат кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары мен өзге де мемлекеттік органдарының ресми деректерінен қалыптастырылады және ақысыз негізде ұсынылады.

 

 

3-бап

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.